Жарқұдық ауылы

1. Ауданның туристік потенциялы туралы ақпарат

       Туған өлкені танып білу, оны болашақта туризмнің негізгі нысандарына айналдырудың бүгінгі таңда маңызы зор. Оның негізгі мақсаты облысымыздағы тарихи-археологиялық, туристер қызығушылығын тудыратын өзге де тартымды, ерекше мәні бар нысандарды аралап қана қоймай, оларды Жібек жолы бойымен өтетін жаңа маршруттар тізбесіне қосу көзделеді және облысымызда туризм кластерін дамытудың жай-күйі нақтыланады. Болашақта елімізден ғана емес, жақын, алыс шетелдерден келетін туристер үшін тартымды, қызғылықты, танымдық маршруттар желісін одан әрі кеңейтіп, әрі нақтылап, насихаттап отырудың мәні зор.

       1. Жамбыл облысы әкімдігінің туризм басқармасы мен облыс әкімдігінің дін істері басқармасы, облыс аумағында орналасқан зиярат ету орындарында зиярат етуге бағдар беретін нұсқаулық әзірледі.

Осыған орай, ауданымыздағы қасиетті зиярат ету орындарына (Шоқай Датқа кесенесі мен Ықылас Дүкенұлы мемориалына), өлшемі 1,5х0,75 көлемдегі қоса берілген эскизде көрсетілген форматта «Құран аяттары» жазылған тақтайшалар орнату керек.

        2.Жол бойында сервистік қызмет көрсету нысандарын ашу қажет. (Жол бойында сервистік қызмет көрсету нысандарын салу үшін телімдеріне өтініш білдірген тұлғалар бірінші кезекте нысандардың құрылысын жүргізуде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2014 жылғы 10 қазандағы «Мемлекетаралық стандарттар жобасының алғашқы редакциясын МАС ААЖ-не орналастыру және ұлттық стандарттарды бекіту туралы» №205-од бұйрығымен бекітілген Ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкестігін қарау үшін эскизін облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары және туризм басқармаларымен келісілді.)
           3. Ауданымыздың зиярат ету нысандарына туристерге халықаралық талаптарға сай қызмет көрсететін асхана, дүкендер, әжетхана және т.б. объектілерін салу, оларға инфрақұрылымдар (жарық, су, газ) тарту, абаттандыру (көгалдандыру) жұмыстарын жүргізу қажет.
           4.Сарысу ауданынан барған топ құрамында болған азаматтар Саудакент көне қалашығына ашық аспан музейін орнату, оған қайта қазба жұмыстарын жүргізу, «Т.Мақашев» атындағы өлке-тану музейінің ғимаратының талапқа сай болмауынан арнайы музей ғимаратының құрылысын салуға қолдау көрсету керек.         
     
        2. Туристік нысандар тізімі   

        3. Туристік нысандар туралы ақпарат 

Байқадам ауылдық округінде 4 археологиялық, 5 тарихи, 3 монумент, 1 сәулеттік орын бар.

   

    4. Туристік маршруттар мен соқпақтар тізімі  


       5. Демалыс зоналарының тізімі және лоар туралы ақпарат